«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде!»

03.11.2015

2015 жылдың 22 тамыздан 22 қыркүйек аралығында Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханада «Тіл айлығы» атап өтілді.

Тіл тақырыбына байланысты қызметкерлер арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты мақал-мәтелдер сайысы, «Қасиетіңнен айналдым, ана тілім!» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Қызметкерлер қызығушылықпен және үлкен жауапкершілікпен қатысты. Қатысқан қызметкерлер Мадақтамамен және сыйлықтармен марапатталды.