«Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын-алу»

06.11.2015

Темір ауданында Шұбарқұдық кентінде №1 мектеп-гимназиясында  8-9 сыныптың қыздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің ұйымдастыруымен аталған кабинетпен, психологпен, акушермен, «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын-алу» атты семинар өткізілді.

Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік пен жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын-алуда салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері С.Сақтаған, жасөспірімдер дәрігері М.А.Сатаева, аурухана акушеркасы И.Калиева, мектеп медбикесі А.Қазиева «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын-алу» атты дәріс оқылып жасөспірім қыздардың морфо-физиологиялық даму ерекшеліктері, ерте жүктіліктің зияндылығы, жүктілікті жоспарлау қажеттілігі, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың басты шағымдары, клиникалық белгілері, жұқтыру қауіптілігі, қорғану шаралары туралы ақыл-кеңестер айтылды.

Аурухана психологы тақырыпқа сәйкес тренинг өткізіп, сергіту жаттығуларын жасатты. Жасөспірімдердің арасында ерте жүктілік және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу себеп-салдарын айтып, қатысушыларға қыз балалардың бойларын аулақ ұстауды кеңес етті.

Аталған тақырып бойынша видеороликтер көрсетіліп, «Жыныстық жолмен жұғатын инфекциядан қорғану» - 25 шт., «Жатыр мойынының обырын бірге жеңейік» - 23 шт., «Вирустық гепатиттер» - 15 шт., «Салауатты өмір салтын ұстан!» - 35 шт. ақпараттық – білім беру материалдары таратылды. Қатысушылар 45 адам.