«Жасөспірімдердің ағзасына алкогольдің залалы»
09.11.2015
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 қарашасында №1113 Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 29-қазан Халықаралық алкогольдан бас тарту күніне орай Темір ауданында Шұбарқұдық кентінде №3 қазақ орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетімен, психологпен «Жасөспірімдердің ағзасына алкогольдің залалы» атты семинар-тренинг өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет дәрігері С.Сақтаған «Жасөспірімдер ағзасына алкогольдің тигізетін әсері» атты дәріс оқылып, алкоголь дегеніміз не, оның құрамы, қауіпті дозасы, сыраның репродуктивті денсаулыққа тигізер әсері, болашақ ұрпақ дұрыс таңдау жасау қажеттілігі туралы айтылды.
Аурухана психологы оқушыларға тақырыпқа сәйкес тренинг өткізіп, сергіту жаттығуларын жасатты. Жасөспірімдердің арасында ерте алкоголь өнімдерін пайдалану себеп-салдарын айтып, қатысушыларға зиянды әдеттен бойларын аулақ ұстауды кеңес етті.
Аталған тақырып бойынша видеороликтер көрсетіліп, «Алкогольдің адам организміне әсері» - 25 шт., «Біз сыра туралы не білеміз?» - 23 шт., «10 фактов о вреде пива» - 15 шт., «Салауатты өмір салтын ұстан!» - 35 шт. ақпараттық – білім беру материалдары таратылды. Қатысушылар 54 адам.