Батагөй ақсақалдар сайысы.
09.11.2015
Қазан айының 23 күні Ойыл ауданында «Ұлы Жібек жолындағы Жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» фестивалі аясындағы дәстүрлі әншілер және батагөй ақсақалдар облыстық байқауы болып өтті. Біздің ауданнан батагөй ақсақалдар байқауына аудандық аурухананың дәрігері рентгенолог Самбаев Наурыз ағамыз қатысты. Байқау барысында батагөй ақсақалдар мен дәстүрлі әншілер байқауы қатар өтті. Байқауға облысымыздың 8 ауданынан және Ойыл ауданынан 2 ақсақал қатысты. Байқаудың шарты бойынша біріншіден ақсақалдар бата беруден жарысқа түсті. Екіншіден қазақтың қас өнері терме өнері бойынша жарысты. Үшінші сайыс мақал-мәтелдер айтудан болды. Сонымен бірге байқауда ақсақалдардың сахна мәдениеті, киім-киісі де ескерілді.Бұл сайыста ақсақалдарымыз бірінен-бірі асып түсіп жатты.Бірақ қазақтың қас өнері терме өнерін дәл біздің ақсақалымыз Наурыз ағайдай айтып бере алған ешкім болмады.Сайыстың қортындысы бойынша:
Бас жүлде- Мартөк ауданынан келген ақсақалымызға бұйырды. 1-орынды Ойылдықтар еншіленсе, 2-орынды Наурыз ағамыз жеңіп алды. Әрине, орын алған жақсы, бірақ, бұл байқаудың негізгі мақсаты жас жеткіншектерге, жастарға ақсақалдарымыздың ақ батасын, өнегесін көрсетіп қазақтың өнерін ұрпақтан – ұрпаққа үлгі ету болды.