Сүт безі обырының алдын алу онкүндігі
09.11.2015
Осы жылдың 12 -21 қазан айының аралығында өткізілген онкүндік аясында «Сұңқар» сауда орталығында акция ұйымдастырылды.Тұрғындар арасында сүт безі обыры әйелдер арасындағы кездесетін обыр ауруларының ішінде көш бастап тұрғандығын,скринингтің маңызы,маммографиялық тексеру туралы дәріс оқылып,тұрғындардың назарын аударды.АОМ таратылды.қамтылғаны-25 адам. Аудандық емханада денсаулық мектептері: «Отбасын жоспарлау», «Жас аналар» мектебінде сабақтар өткізілді,қатысқаны-28 адам.Емханада «Ашық есік күндері»акушер-гинеколог,онколог,салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті дәрігерінің қатысуымен ұйымдастырыды.Обырға әкелуші қауіп-қатер факторлары, дұрыс тамақтану туралы айтылып,әрбір әйелдің өзін –өзі қалай тексеру керектігі көрсетілді.АОМ таратылды.Қатысқаны-38 әйел.Жергілікті «Шалқар» газетіне «Сүт безі обырының алдын алу» атты мақала жарияланды.