Біз қатерлі ісіктен қорықпаймыз!

27.10.2015

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 қарашасында №1113  Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында және қазан айының 12-21 аралығында әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында сүт безі обырының  алдын-алу бойынша онкүндік ұйымдастырылды.

 

         Аудандық аурухананың медициналық қызметкерлерімен қатерлі ісіктің алдын-алу бойынша, соның ішінде сүт безі обырының алдын-алуда қырағылығын аттыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. 45 адам қамтылды.

21.10.15 жылы аудандық емханада, Кенкияқ селолық ауруханасында онкологтың, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетімен, аймақтық жалпы тәжірибедегі дәрігерлерімен сүт безі обырының алдын-алуды насихаттау үшін «Ашық есік» күні өткізілді. Келген тұрғындарға сүт безі обырының алдын-алу бойынша ақыл-кеңестер беріліп, ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, видеороликтер көрсетілді.

Жаппай халық жиналатын Орталық базарында, «Ар-Амир» супермаркетінде скринингке шақыру, зиянды әдеттер бойынша салауатты өмір салты аспектілерін насихаттауда плакаттар ілінді.  

    Емхана холлында «Біз қатерлі ісіктен қорықпаймыз!» атты денсаулық бұрышы ұйымдастырылып, тұрғындарға АОМ мен плакаттар таратылды.