«Уланбасың өмірің!»

27.10.2015

22 қазан 2015 жылы Темір ауданында Шұбарқұдық гимназиясында «Уланбасың өмірің!» атты мектеп және аудандық аурухана әкімшілігінің ұйымдастыруымен дәрігер-нарколог, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет дәрігерімен 7-10 сынып оқушылары арасында темекі шегу мен ішімдік ішудің зияндылығы туралы кездесу өтті.

         Өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден алшақтату мақсатында оқушыларға  нарколог дәрігер және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет дәрігерлері ақыл – кеңестер айтып, «Зиянды әдеттерден сақ болайық!», «Темекінің түтінің зияндылығы», «Қор-қор дегеніміз не?» т.б. атты ақпараттық-оқыту материалдары мен плакаттар таратылып, тақырыпқа сәйкес видеоролик көрсетілді. Барлығы 80 адам қамтылды.