«Сыбайластықпен күрес- әрбіріміздің борышымыз»

29.10.2015

          2015 жылдын қазан айының 20 куні Алға  аудандық  орталық ауруханада  «Сыбайластықпен күрес- әрбіріміздің борышымыз» тақырыбында аудандық орталық аурухана қызметкерлері арасында конференция өтті. Конференцияға  аудандық   аурухананың медицина қызметкерлері, бөлім меңгерушілері, дәрігерлік амбулатория дәрігерлері мен  мен қосалқы қызметкерлер қатысты.

          Алға аудандық аурухана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте аурухана қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттырып,  сауаттандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты топтың жұмысы туралы -аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев өз ойын ортаға салып, қатысқандар қызу талқылады.  

          Аудандық аурухана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары С.Мамбетиярова мәлімдеді.

         Аудандық аурухананың заңгері С.Қонысбаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР заңын» қарапайым тілде түсіндіріп, медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін талқыға салды.

         Аудандық аурухана бойынша «Нұр Отан» партиясының  мүшелері сыбайлас жемқорлықпен күреске ұжым мүшелерінің белсенді болуы керектігін айтып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.