Алға аудандық орталық ауруханада ЖРВИ, тұмау және пневмококтық инфекцияның алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

29.10.2015

1 қазан күні  Алға аудандық аурухананың және мектептің медицина қызметкерлері арасында  эпидемиолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің, инфекционист дәрігерлерімен және СЭҚБ мамандарының қатысуымен ЖРВИ, тұмау және пневмококтық инфекцияның алдын алу, диагностикалау, эпидемиологиялық жағдайы бойынша семинар өткізілді.

        Тұмау,  жедел респираторлы вирусты инфекция, аурудың жұғу жолдары, алғашқы белгілері, созылмалы асқынулар,  одан сақтану жолдары,  Тұмау ауруының алдын алудың бірден бір жолы- ауруға қарсы екпе алу-вакцинация жөнінде аудандық әкімшілікте, мекемелерде, аудан мектептерінде аурухананың дәрігерлері дәрістер оқып, кеңестер берді, ақпараттық материалдар таратылды. Аудандық теледидардан жүгіртпе жол арқылы   тұмау ауруының алдын алу үшін 15 қазан мен 1 қараша айларында жүргізілетін ауруға қарсы екпе-вакцинация туралы хабарландыру берілді.  Аудандық емханада тұмаудың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

        Учаскелік дәрігерлер мен дәрігерлік амбулаториялар дәрігерлері тұрғындар арасында екпе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық білім беру материалдарын таратуда.