Адрестік түсіндірме жұмыстары жүргізуде.
01.11.2015
2015 жылдын қазан айынын 16 күні Алға қаласында аудандық аурухана салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Т.Қ Сәтен, бала дәрігері, иммунолог А.И.Сұлтанғалиева, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Г.Ермекбаева, аудандық мешіттің найб-имамы- А.Ж.Жаңабергенов және аудандық «Ансар-Алға» қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Ш.Сейтенова екпеден баса тартқан ата-аналардың үйлерін аралап, адрестік түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Діни көзқарастағы ата-аналарға сәби дүниеге келген перзентханадан бастап дені сау болып туылған сәбиіне алдын ала екпелерді алу керектігі, екпенің маңызы, кімдер, қай жаста, қандай ауруларға қарсы екпе алулары керек, вакцинаның құрамы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Егер екпе алмаса қандай жұқпалы, қауіпті аурулармен ауруы мүмкін екендігі бүктемелер, суреттер арқылы түсіндірілді. Вакцинация алғаннан кейін ағзаның вакцинацияға қарсы реакциясы- екпеден кейін болатын әсерлер мен қадағалаулар, ол кезде не істеу керектігі жөнінде түсіндіріліп, кеңестер берілді, ақпараттық-оқыту материалдары түсіндіріліп, таратылды.
Ата-аналарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіндегі 156 бабындағы профилактикалық егуді жүргізу - Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге міндетті екендігі түсіндірілді. Қазақстан Үкіметі халық денсаулығын қорғауға үлкен инвестиция бөледі. Оның басты көрінісі осы екпе. Өйткені, ол халық денсаулығы, болашақ ұрпақ денсаулығы үшін ең маңызды, ең тиімді көмек болып табылатындығы айтылды.