«Денсаулық фестивалі – 2015»

16.09.2015

«Денсаулық фестивалі – 2015»

             «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясы аясында  қыркүйек айының 5, 11 күндері аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында «Салауатты өмір салтын ұстан» ұранымен денсаулық акциясы ұйымдастырылып өткізілді.


             Акцияға: жергілікті билік ұйымдарының өкілдері, фестивальдің құрметті қонақтары, спортшылар, Олимпиада чемпиондары, аудандық мәдениет үйінің әншілері мен «Қарлығаш» бишілер тобы қатысты.

Жиналғандар алдында ардагер спортшылар, жастар арасынан спорттық ойындар, жарыстардың жеңімпаздары акцияға қатысушыларды құттықтады. Жеңіл атлетикадан түрлі ара қашықтыққа жүгіру, ұлттық, спорттық ойындардың әр түрінен жарыстар өткізілді.