Ашық есік күні
13.08.2015
05.08.2015 жылы Қобда аудандық орталық ауруханасында
Халықаралық баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы бойынша «Ашық есік» күні өтті. «Ашық есік» күніне ауданның барлық жас аналар мен болашақ аналар шақырылды.
Бас дәрігердің орынбасары Пернебаева А.Б ашылу салтанатында дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде 2015 жылдың 3-10 тамызы аралығында «Ана сүтімен тамақтандыру: 10 қадам. Балаға тілектестік!» тақырыбында баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өтіп жатқандығын атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы әлемнің 170 елде өткізіледі. ДДҰ баланы алты айына дейін тек ана сүтін емізуді ұсынады. Адамзат пайда болған кезден жаңа туылған балаларға ана сүтін емізу оның өмір сүруі мен физикалық және психологиялық дұрыс дамуын қамтамасыз ететіндіктен барлық халыққа ортақ болып табылатындығын айтты. Аудандық педиатр Толыбаева Б.С «Ана сүтімен тамақтандырудың ерекшелігі мен маңызы» туралы баяндады.
Дені сау бала кабинетінің медбикесі Сеилова.С бала емізу ережесін көрсетіп , баланың жасына байланысты ойыншықтар түрлерімен таныстырды.
Акушер-гинеколог Мамаева Н.И «Отбасын жоспарлау.Контрацепция» тақырыбында дәрігерлік кеңес берілді.
Психолог Тағыбердина А. ата-аналар арасында сұрақ –жауап, сауалнама жүргізіп, сурет салдырып,ойындар өткізді . Іс шара барысында белсенділік көрсеткен ата-аналар марапатталды. Әрбір жас аналар мен болашақ аналарға ақпараттық оқыту материалдары таратылды.