«Мектепке жол» акциясы-2015 жыл.

07.09.2015

                          

  «Мектепке жол» акциясы-2015 жыл.

              Биылғы жылдың 1-тамызынан 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта республика бойынша «Мектепке  жол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілуде.
             2015 жылдың 25 тамызы күні  Қобда ауданында  мәдениет үйінде «Мектепке жол» акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» үндеуімен  өткізілді.
Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  көмек беру.  Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының  алдын алуға бағытталған.

             Қобда аудандық орталық ауруханасы акцияға қатысып, балаларға ұжым атынан  көмек көрсетті.