АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ.
07.09.2015
АРДАГЕРДі ҚҰТТЫҚТАУ.
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне және туған күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагеріне биылда құрмет көрсетілді. Қобда аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ботагөз Саренованың қолдауымен кәсіподақ пен аурухана әкімшілігі Ұлы Отан соғысының ардагері, медицина саласында қызмет атқарған Александра Прокофьевнаны Афанасенко шаңырағына бас сұғып, мерекемен және туылған күнімен құттықтап, сыйлықтар табысталды.
Дәрігерлер ардагерді түгелдей медициналық тексерістен өткізеді. Ең бастысы келешек ұрпақ ардагерлерді ұмытпай, Отан үшін от кешкен аталарымыздың ерлігін мәңгі естен шығармайды.
Соғыс ардагері Александра Прокофьевна өзіне көрсеткен құрметке пен туған күн құттықтауына ризашылығын білдіріп , жасалып жатқан қамқорлықтары үшін аурухана ұжымына алғысын айтты.