Халықпен кездесу.

07.09.2015

Халықпен  кездесу.

               Тұрғындар  арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын  жандандыру  мақсатында  және де «Ауылым-Қобда »  үгіт керуенімен  бірге тамыздың  11–і күні  Қобда аудандық орталық ауруханасының  бас  дәрігері Саренова Б.М  Жиренқопа және Көкүй  елді  мекендерінің  тұрғындарымен  кездесу  өткізді.
               Кездесуде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық ауруханада жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде, скринингілік тексерулер, анықталатын аурулар мен қауіпті мінез-құлық факторлары, аурулардың алдын алу жөнінде  түсіндіріп айтты.  Скринингтік  бағдарламалар  мақсаты түрлі  дерттердің  алдын  алу, сауықтыру, диагностика  жасауды, негізгі әлеуметтік  маңызды  дерттерді  емдеу  және  сауықтыруды  жетілдіру  болып  табылатынын атап өтті.
            Тұрғындарды бірыңғай ұлттық жүйеге көшуге байланысты өзгерістермен ақпараттандырды, халық   арасында денсаулық  сақтау  саласының   медициналық қөмектің кепілді  мөлшерінің  көрсетілуі ,халықты  ақысыз   және  жеңілдікті  дәрілік  заттар мен медициналық  бұйымдармен қамтамасыз  ету  тәртібі  жөнінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Емдеу әдістерінің жаңа мүмкіндіктері мен ғылыми жаңалықтарды туралы шолу жасады.
            Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және Қобда аудандық орталық ауруханасының материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында жаңа медициналық аппараттар мен құрылғылармен жабдықталды.
             Қазіргі таңда аудан тұрғындарына қызмет көрсетілуде. Кездесу  барысында  қойылған  көптеген  сауалдарға  жауап берілді.