« Денсаулық фестивалі -2015»

10.09.2015

« Денсаулық фестивалі -2015»

      

 Темір ауданы  бойынша 5- ші қыркүйек 2015жылы «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты ұранмен «Денсаулық  фестивалі-2015» акциясы ұйымдастырылып  өткізілді. Денсаулық  фестивалінінің   салтанатты  ашылуы ұйымдастырылып, аудандық  аурухананың  бас дәрігері  сөз сөйледі.Аудандық   денешынықтыру және спорт бөлімінің  қатысуымен  фестивалге  қатысушылар  жаттығу  жасап , жаппай қашықтыққа жүгіру жас ерекшелері  бойынша ерлер  мен әйелдер  арасында жүргізілді. Барлығы 500 адам  қатысты.

Акция  аясында «Денсаулық  қалашығы» ұйымдастырылып, тұрғындар  арасында қан қысымын  өлшеу, қан  құрамындағы глюкоза деңгейін  анықтау, бой, дененің артық салмағын  өлшеу  жүргізіліп, 210 адам қамтылды. Сонымен қатар  тұрғындарға дұрыс  тамақтану,дене  белсенділігі, әлеуметтік  маңызы бар аурулар  профилактикасы  жөнінде  ақпараттық  материалдар  таратылды. Спорттық  іс -шара  соңында  белсенді  қатысушылар  марапатталды.