«Салауатты азық-түлік-дені сау халық»
13.09.2015
«Салауатты азық-түлік-дені сау халық»
Аудандық аурухананың медицина қызметкерлері мен аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандары Алға қаласында «Әр үйге қауіпсіз тағам», «Салауатты азық-түлік-дені сау халық» деген ұранмен сауда орындарында, адам көп жиналған жерлерде акция өткізді.
Акцияның мақсаты- жедел жұқпалы ішек және сальмонеллез ауруларының, уланудың алдын алу жөнінде тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Акция кезінде жедел ішек инфекциясының негізгі белгілері, егер белгілері байқалса өздігінен емделмей, жедел медициналық көмек шақыру керектігі, табиғатта белсенді, салауатты демалысты өткізу үшін өткізу қандай сақтық шараларын жүргізу керектігі ескертіліп, бүктемелер мен парақшалар таратылды, базардағы сатылып жатқан көкөністер мен бау-бақша өнімдерінен сынама алынды.