Темір ауданында денсаулық күні

10.06.2015

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113  Жарлығымен  бекітілген денсаулық сақтауды  дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын   іске асыру мақсатында, 2015 жылы 30 мамыр күні Темір ауданы әкімшілігінің және Темір аудандық спорт бөлімінің қолдауымен, Темір орталық аудандық ауруханасының  ұйымдастыруымен Орталық стадионда Медицина қызметкерлерінің Спартакиадасы болып өтті.

Спартакиадаға аудандағы Темір орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері, Темір аудандық туберкулез ауруханасының қызметкерлері, Кенкияқ селолық ауруханасының қызметкерлері, Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшесі және Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы қатыстырылды. Спартакиада волейболдан, жеңіл атлетикадан, қол күресінен, арқан тарту және гір көтеру түрлерінен өтті. Жарыс қорытындысы бойынша:

Волейболдан қыздар арасында:

1 орын – Кенкияқ селолық ауруханасы

2 орын -Темір аудандық туберкулез ауруханасы

3 орын – Темір орталық аудандық ауруханасы

Арқан тартудан қыздар арасынан:

 1 орынды - Темір аудандық туберкулез ауруханасы.

 2 орынды – Кенкияк селолық ауруханасы

 3 орынды – Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

Арқан тартудан ерлер арасынан:

1 орын - Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

2 орын - Шұбарқұдық обаға қарсы бөлімшесі

3 орын - Темір орталық аудандық ауруханасы

Қол күресінен:

1 орын - Қалиев М, Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қоғау басқармасы

2 орын - Сапарғали Б,  Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшесі

3 орын - Ғабит Д, Темір орталық аудандық ауруханасы

 

 Женіл атлетикадан қыздар арасында 100 м-ге:

1 орын - Маукенова М, Темір орталық аудандық ауруханасы

2 орын – Муратбекова Г, Темір аудандық туберкулез ауруханасы

3 орын – Дулатбаева К, Темір орталық аудандық ауруханасы

Жеңіл атлетикадан ерлер арасында 100 м-ге:

1 орын - Қалиев М, Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қоғау басқармасы

2 орын - Ғабит Д, Темір орталық аудандық ауруханасы

3 орын – Баймуратов А, Кенкияқ селолық ауруханасы

Гір көтеруден:

1 орын - Қалдыбаев А, Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қоғау басқармасы

2 орын  - Сапарғали Б, Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшесі

3 орын - Аяпбергенов Қ, Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қоғау басқармасы

Жүлдегерлер анықталды. Ең көп жүлдеге ие болған Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ауыспалы кубокқа ие болды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Осы шараны ұйымдастыруға  ат салысқан жоғарыда көрсетілген мекемелерге және Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.