1 маусым – Халықаралық қорғау күні
11.06.2015
Жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерінде ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша ақпараттық-оқыту материалдарының таратылуымен “Бар жақсылық балаларға!” атты “Ашық есік” күні жарияланды, келуші балаларға кезектен тыс қабылданды.
Келуші балаларға сурет бояйтын (раскраска) таратылды.
“Әлем балалардың көзімен”, “Балалардың әлемі-олардың бейбіт өмірі”, “Қызыл, сары, жасыл” атты тақырыптарда өткізілген асфальтта сурет салу сайысыстары өткізілді.
Жеңімпаз балаларға сыйлықтар таратылды.
Емдеу – алдын-алу ұйымдарында ата-аналарға “Бар байлығым балам” тақырыбында балалардың денсаулығын қорғау жөнінде жүргізілген педиатр, акушер-гинеколог, психолог мамандарының кеңес беруі ұйымдастырылып, жүргізілді.
“Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі” тақырыбында аудандық ауруханада емделуші балаларға сыйлықтар таратылды.
Перзентхана бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күні босанған жас аналарға екі тілде “Қуан сәби”, “Ұлттық екпе күнтізбесі” т.б. ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.