«Сенің өмірің,сенің ортаң,есірткіге жол жоқ!»

30.06.2015

Айлық аясында 24 –ші маусым 2015ж Есет Көтібарұлы селолық округінде аудандық аурухананың СӨСҚК, наркологтың, аудандық мешіт имамы, ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстар орталығымен бірлесіп «Сенің өмірің», сенің ортаң, есірткіге жол жоқ!» атты ұранмен ауыл жастарының арасында акция ұйымдастырылды.

Акцияға селолық әкімшілік,мектеп жастары атсалысты. Аула клубы қызметкерлері спорттық ойындар жарысын, психолог «Өмірді таңда!»атты психологиялық тренинг,сурет сайыстарын жүргізді.

«Денсаулық қалашығы » ұйымдастырылып ауыл тұрғындарының қан қысымдары ,қандағы шекер мөлшері өлшеніп кеңестер берілді.Белсенділік көрсеткен жастар аудандық аурухана бас дәрігерінің дипломдармен,алғыс хаттармен ,бағалы сыйлықтармен марапатталды.Қатысқаны-50 адам.