Медицина қызметкерлері күні тойланды.
30.06.2015
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық емханада салтанатты жиын өткізіліп , бас дәрігер Ж.Былқайыр медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен және осы жылы зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Осы күні аудандық мәдениет үйінде үлкен салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бас дәрігер Ж.Былқайыр 2014-2015ж медицина саласында қол жеткізген табыстар туралы баяндама жасады.Аудан әкімі Е.Данағұлов медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап,аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясының Шалқар аудандық филиалының алғыс хаттарын ,Аудандық маслихат хатшысы С.Төлемісов аудандық маслихаттың «Құрмет грамотасын»табыстады,аудандық орталық аурухана бас дәрігері облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық филиалының «Құмет грамотасымен» , облыстық дәрігерлер мен провизорлар ассоциациясының «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы»медалімен екі зейнеткер ағаларымыз Ж.Қуатбаев және Ж.Бимағанбетов және «Мейірім медалімен» 5 медбике марапатталды.
Ардагерлерге гүл шоқтары таратылды.
Соңынан концерттік бағдарлама және аудандық орталық аурухана хор ұжымы өнер көрсетті.