«Дәрігер деген-асыл адам кең жүрек» атты медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара

30.06.2015

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашасысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлығылау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Осындай абзал жандарды мерекелерімен құттықтау Темір орталық аудандық ауруханасының ғимаратында орын алды.

         Кеш барысында Бас дәрігер Есмағамбетов Асқар Мұхамбеталұлы дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атынан, емханамыздың дәрігері: Байтохаева Райгүл Жақыпқызына мадақтау грамотасын тапсырды.

         Темір ауданы әкімі Қалиев Бауыржан Нұралыұлына ұсынылған төмендегі қызметкерлерге:

  • Бекмағамбетова Карима Мұратқызы – дәрігер инфекционисті
  • Абиев Темірхан Атырауұлына – Шұбарқұдық дәрігерлік амбулаториясының Аға дәрігері
  • Орынбаева Гүлжанат Сағидоллақызы – эндокринолог дәрігері
  • Қуанова Галина Бектайқызы – Бас медбике
  • Ажіғалиева Назгул Нұрымқызы – педиатрия медбикесі
  • Утегенова Жайнагүл Ерболатқызы - жалпы тәжірибелі медбике

Аудан әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

         Бас дәрігердің Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтары 24 қызметкерлерге табысталды.

         Кеш соңында ауруханамыздың ардагер дәрігерлері: Гүлжан Ханашқызы мен Сәтжан Достанұлына құттықтау сөз берілді.

Мәдениет үйінің қызметкері әннен шашу тартып, халық әнін орындап берді.