Медицина қызметкерлерінің мерекесі.
20.07.2015
Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай дәстүрлі Ойыл-Қобда-Мәртөк аудандық ауруханаларының арасында ауыспалы кубок бойынша спартакиада өткізілді.
Биылғы жылы Ойыл ауданында спартакиада ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Жолдауының іске асырылу жолын насихаттау , сондай-ақ қоғамдық өмірге дене шынықтыру және спорт саласын енгізу.
Спартакиаданың ашылу салтанаты «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы » саябағында басталып , балалар мен жасөспірімдер спорттық орталығында өз жалғасын тапты.
Сайыс волейбол ,шахмат ,үстел теннисі,100 метрге жүгіру сынды төрт бөлімнен тұрды.
Сайыс өте қызықты ,әрі тартысты болды. Аталмыш сайыста дәрежелі орындарға ие болды. Ауыспалы кубок Ойыл ауданының еншісінде қалды.
Орталық ауруханамызда 15 маусым күні медицина қызметкерлер күніне орай мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кешімізді Қобда аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.М.Саренова қызметкерлердің құттықтап , Облыстық Денсаулық Сақтау басқармасынан, Облыстық Кәсіподақ Ұйымынан берілген мадақтамалармен марапатталды, ауруханамыздың кәсіподақ ұйымынан ұсынылған қызметкерлерге сыйлықтар табысталды.
Қызметкерлерге дастархан жайылып, мерекелік концертпен жалғасын тапты.