Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің
23.07.2015
Құрметті пациенттер!
Біздің медициналық ұйымда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, «Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі» құрылды.
«Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі» функцияларына медициналық қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау кіреді.
Сіз өзіңіздің шағымыңызды, аты-жөніңіз бен мекен-жайыңызды көрсетіп, медициналық ұйымға кіре берісте орналасқан өтініштер мен арыз-шағымдарға арналған жәшікке және медициналық ұйымның сайты www.mcrb.kz қалдыра аласыз.
«Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі» Сіздің шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа уақытта қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
«Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің» сенім телефоны:8 (71333) 3-20-09
Мұғалжар орталық аудандық ауруханасының әкімшілігі.