Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?
09.08.2015
Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?
2015 жылдың 24 шілде күні ШЖҚ «Темір орталық аудандық ауруханасы» МКК аурухана қызметкерлері, ауылдық округтердегі медициналық пункт медбикелері және техникалық мамандардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбында семинар өткізілді. Аурухана бас дәрігері А.Есмағамбетов семинарға төрағалық етіп, аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сөз барысында халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру байланысты жұмыстарды жүргізу мақсатында Темір ауданы бойынша жұмыс тобы құрылып, өткізетін дәрістердің оқу кестесі құрылғандығы сөз болды. Осы кестеге сай емхана ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында семинар –кеңес тұрақты түрде өткізіледі. Осыған байланысты мақсатты топтың мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін кестеге сәйкес өткізу отыру міндеттелді. Мемлекеттік сатып алу, жеке және заңды тұғалардың арыз-шағымдарын қабылдауда заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде тағы бір мәрте пысықталды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда халықаралық тәжірибеге сүйену айтарлықтай нәтиже беретіндігі жөнінде әңгіме қозғалды. Семинар барысында сауалнама жүргізілді.
Бұдан әрі «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбында емхана меңгерушісі Ж.Тажикенова баяндама оқыды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР» заңынан заңгер А .Сисенов түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы электрондық жаднамалар басылып, таратылды.
ШЖҚ «Темір орталық аудандық ауруханасы» МКК әкімшілігі.