Стомкар
27.05.2015
Ойыл аудандык орталык ауруханасында тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсету үшін арнайы кабинеті жұмыс жасайды.Кабинет жоғары технологиялық тіс емдеу машинасы «Ардек» қамтамасыз етілген.
Кабинетте дәрігер стоматологы Нурлан Бижанов, тіс дәрігерлері Омаров Жанибек, Кумискалиев Асхат , тіс технигі Аралов А., медсестра Бектурганова С. халыққа медициналық қызмет корсетеді. 2015жылдың 12-15 мамыр аралығында Алматы қаласында С.Д. Асфандияров атындағы қазақ Ұлттық медицина университетінің 85жылдығына орай «Тіс жегі және оның жас ерекшеліктеріне қарай асқынуы Стоматологиядағы инновация» атты Республикалық ғылыми- практикалық конференциясына стоматолог Бижанов Нурлан қатынасып келді.Кабинетте көрсетілетін көмек түрлері: Тіс жегісін емдеу, тісті жұлу,тісті ағарту, протезді тіс салу, ауыз қуысындағы қабыну процестерін емдеу.
Осы көмекке қосымша биыл Саламатты Қазақстан бағдарламасы бойынша , мамыр айының 12ші жұлдызынан 23ші жұлдызы аралығында , Ақтөбе облыстық балалар клиникасынан жылжымалы «Стомкар» көлігі балаларға стоматологиялық- медициналық көмек көрсету үшін, алғашқы сапарын Ойыл ауданынан бастады. Тіс дәрігері Аймаганбетов Асылхан, жергілікті тіс дәрігерлерімен бірігіп, мектеп жасындағы балаларға тегін акысыз көмек көрсетті. Қаралған барлық балалар саны -171, оның ішінде 154 баланың тістері жұлынып, 17 -баланың тісі емделді. Мектептерге балаларға тіс жегісінің алдын- алу , болдырмау шараларын айтып , түсіндірілді.