Темекі тартудың алдын ал
29.05.2015
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 1-30 аралығында Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні аясында Алға аудандық аурухана аудандық мекемелермен бірге тұрғындар арасында темекі тартудың алдын алу мен оны шектеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының артықшылығы – салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту мен қорғау және алдын алу шараларын жүргізу. №3 Алға қазақ орта мектебінде «Салауатты өмір салтын дәріптейік» деген тақырыпта жоғары класс оқушылары арасында еріктілер ұйымдастырған тренингілік сабақ өтті. Тренингілік сабақ қызу пікірталас түрінде өтті. Оқушылар өздері дайындаған бейнеайналма көрсетіп, салауатты өмір салтының маңызы, қағидалары, ауырмаудың жолдары, адамның дені сау блуы қандай жағдайларға байланысты, салауатты өмір салты жөнінде ситуациялық сұрақтар, ойындар түрінде өтті.
Тренингілік сабаққа аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері мен нарколог дәрігер қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді, скринингілік тексерілудің маңызын түсіндірді. Ауру тудыратын қауіп-қатер факторлары-насыбай, кальян, шылымның адам ағзасына зияны жөнінде темекішегушінің ауызы мен Сью қуыршағы арқылы түсіндірді. Суицидтің себептері де талқыланды. Тренингке қатысушыларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.