Балаларды қорғау күні
04.06.2015
1-июнь Балаларды қорғау күніне орай сау балалар бөлмесінде жүкті әйелдер арасында отбасын жоспарлау,контрацепция, иммунопрофилактика, ана сүтінің маңызы тақырыптарына акушер –гинеколог А.Қазымбетова, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері С.Нұралина дәрістер оқыды. Қатысқаны -12 әйел.
Жас аналар арасында үгу бөлмесінің медбикесі 1жасқа дейінгі балаларға үгу әдістері туралы көрсетіп,кеңестер берді. Қамтылғаны-17 адам. Соңынан ақпараттық -оқыту материалдары таратылды.