ХАБАРЛАНДЫРУ

08.06.2015

Қадірлі емделушілер!

              Егер Сіз:

  • медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медициналық кызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін кепілді медициналық көмек беру аумағында медициналық қызметкердің ақшалай талап ету жағдайларымен кездессеңіз;
  • сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда,

          Сіз № 4 Қалалық емхананың Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

         Біздің мақсатымыз: емделушілерге медициналық көмек көрсетуде туындайтын мәселелерді уақтылы айқындап, медициналық көмектің әрі қарай қол жетімділігін және сапасын жетілдіру болып табылады.

          Сізге ыңғайлы болу үшін өзіңіздің аты-жөніңізді және байланысу мәліметтері (телефон, мекен-жай) көрсетілген:

  • жазбаша үндеуіңізді медициналық ұйымның кіреберісінде, баспалдақ аралықтарында және 2 қабатта орналасқан арыз-шағым жәшіктеріне салуға;
  • келесі телефондар:

51 37 28 - бас дәрігер,

55 60 16 - бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары,

92 58 77 - Емделушілерді қолдау қызметінің сенім телефоны арқылы байланысуға,

  • gp4aktobe@mail.ru  электрондық поштасына хат жіберу арқылы;
  • медициналық ұйымның www.policlinika4.kz сайтындағы «Бас дәрігер блогы» бөлімінде сұрақ қою арқылы;
  • Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметіне тікелей № 64 кабинетіне жолығып, мәселеңізді «қазір және мұнда» принципі арқылы шешуіңізге болады.  

         № 4 Қалалық емхананың Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің арызыңызды 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қысқа мерзімде қарастырып, Сізге нәтижесі бойынша ақпаратты жеткізеді.

          Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне емделіп жүрген науқастардың өздері немесе олардың туыстары арыздануға құқылы.

«№ 4 Қалалық емхана»                              
Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі