1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні
09.06.2015
1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні аудандық емханада ата-аналарға балалардың денсаулығын қорғау және репродуктивтік денсаулық жөнінде педиатр, акушер-гинеколог, валеолог, юрист, психолог мамандардың кеңес беруі ұйымдастырылды.
Аудандық перзентханада Халықаралық балаларды қорғау күні босанған жас аналарға екі тілде «Қуан сәби», «Ұлттық екпе күнтізбесі», «Жүктіліктің қауіпті белгілері» ақпараттық – оқыту материалдары таратылып, гүл шоқтары үсынылып, марапаттау ұйымдастырылды.
Алға отбасы типті балалар үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Акцияға аудандық аурухана ұжымы да өз үлесін қосты.